Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстандық нейрохирургия әлемдік деңгейге шығуда

 «Гамма-пышақ» – мидың әртүрлі патологиялық түзілімдерін жоғары дәлдікпен бір мезгілде сәулелендіру арқылы жоюға арналған қондырғы. Тиімділігі бойынша мұндай емді хирургиялық операциямен салыстыруға болады, бірақ сонымен бірге ол анестезиясыз жүргізіледі, скальпельмен жұмыс істеуді және кейіннен реанимацияны қажет етпейді, науқастардың жасына ешқандай шектеулер қоймайды.

Жаңа емдеу әдісі және оның артықшылықтары туралы, Нұр-Сұлтан қаласында «Гамма-пышақты» қазақстандық әріптестеріне игеруге көмектескен беделді ресейлік нейхирург, Бурденко атындағы ресейдің нейрохирургия орталығының радиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, РҒА корреспондент-мүшесі, профессор, медициналық ғылымдар докторы Андрей Голанов біздің басылымға әңгімелеп берді.   

– Андрей Владимирович, Сіз басқаратын орталық, бірнеше жылдар бойы «Гамма-пышақ» кешенін қолданады. Оның мүмкіндіктері, артықшылықтары және сіздің орталықта жинақталған оң тәжірибе туралы айтып беруіңізді сұраймыз.  

– Біз «Гамма-пышық» қондырғысымен 2005 жылдан бастап жұмыс жасаймыз. Біраз әлемде ол ертеден қолданылады. 1951 жылдың өзінде-ақ шведтік нейрохирург Ларс Лекселл осы емді ұсынған, мұнда бас сүйегінің ішінде орналасқан, патологиялық тіннің кішігірім бөлігіне иондаушы радиацияның жоғары мөлшері келтіріледі. Кейін, 1968 жылы Лекселл «Гамма-пышақ» қондырғысын жасап шығарды.  

«Гамма-пышақ» Бурденко атындағы орталықта посткеңестік кеңістікте алғашқы болды. 16 жыл ішінде үлкен тәжірибе жиналды, біз 10 мыңнан аса пациенттерді емдедік. Оның тиімділігін көрсетіп, растадық. Бұл радиохирургияның әдісі ретінде дамуы туралы айтады. «Гамма-пышақта» әрқашан жетілдіріліп отырады, қазір 7-ші моделі шықты. Мұнда, яғни Қазақстанда пайда болғаны өте дұрыс.

– «Гамма-пышақ» дегеніміз не?

– «Гамма-пышақпен» терапия негізінде барынша дәлдікпен бас миындағы ауру аймақтарды анықтау және 192 кобальтті көздерден құралатын гамма сәулелермен сәулелендіру жатыр. Олардың әрқайсысының сәулелендіру күші шамалы, алайда барлық сәулелер бір уақытта шоғырланатын нүктедегі радиацияның шоғырлануы тиімді. Яғни біз, аурумен зақымданған аймақты көздеп атамыз. Сондықтан дәлме-дәл миллиметрге дейін әсер ету бағыты дәлдігі өте жоғары болуы тиіс. Бұл ретте сәулеленетін аймақтан тыс радиация мөлшері кенеттен төмендейді, тіндерге зиян келтірмейді. Осы емдеу әдісінің тағы да бір артықшылығы – оны қажет болған жағдайда қайталауға болады. 

– «Лекселла Гамма-пышағы» қандай ауруларды емдеуге арналған? Қанша пациент оны қолданып емдеуге мұқтаж? Осы кешенді қолданумен байланысты пациенттерге медициналық көмек көрсету жалпы қаншалықты жақсарады?

– Радиациялық сезімтал емес деп саналатын көптеген аурулар радиохирургияға беріледі. Ең алдымен, біз мидың қатерлі ісіктерінің метастаздары туралы айтамыз, олар бүйрек қатерлі ісігі, меланома және басқа да қатерлі ісіктерде жиі кездеседі. Мұндай аурулар көбейіп барады. Бұрын пациенттер метастазалар пайда болғанға дейін жетпейтін, қазір диагностикалау мен емдеу әдістері жетілдірілуде. «Гамма-пышақтың» маңызды артықшылығы – кәдімгі сәулелік терапияға сезімтал емес деп есептелетін қатерлі ісік түрлерінің метастаздарын тиімді емдеу. Ми тінінің менингома, нейромалар, аденомалар сияқты қатерсіз ісіктері радиохирургияға жақсы беріледі. Сонымен қатар, гамма-пышақ бас миының тамырлы патологиясы бар ауруларда тиімді қолданылады.

Гамма-пышақты қолданған кезде екі принципшіл шектеу бар бұл қатерлі ісіктің көлемі. Әлемдік және біздің тәжірибемізден белгілі – қауіпсіз сәулелендіруге болатын максималды көлем – бұл диаметрінде 3 см дейін (шартты) немесе басқаша 12-14 текше метр түзілімі. Екінші шектеу — бұл радиохирургия неғұрлым сезімтал құрылымдардың жақын орналасуы. Бұл көру жолдары, ми бағанасы – бұл учаскелерде шектелу немесе сәулеленудің басқа әдістерін қолдану керек.  

– Сіздің орталықтың мамандары және сіз өзіңіз жеке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық нейрохирургия орталығында» «Лекселла Гамма-пышағы» кешенін іске қосуға үлкен көмек көрсеттіңіз. Бұл нақты қандай көмек болды, сіз жалпы Қазақстан астанасындағы нейрохирургия орталығымен қаншалықты тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейсіз?

– Бізде Ресейде және посткеңестік кеңістікте стереотаксикалық радиохирургия белсенді дами бастады. Ресейде қазір осындай 7 қондырғы бар, Минскіде бар, енді міне Нр-Сұлтанда да бар. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Ақыр соңында, бұл жерде көрсеткіштерді түсіну өте маңызды және мұны білу керек: кімге емдеу керек, қалай емдеу керек, қандай қосымша зерттеулер қажет. Бұл маңызды сәт, ең бастысы, бүкіл команданың жұмысы: нейрохирург, сонымен бірге инженерлер, медициналық физиктер, радиотерапевттер, рентгенологтар, онкологтар, невропатологтар.

Барлығы бірге пациенттің күйіне жауап береді. Әрине, біз өз тәжірибемізді береміз, бөлісеміз. Бірақ, бұл аламасу өзара болуы өте маңызды. Біздің жеке мәліметтер қорымыз бар, қазақстандық әріптестеріміз де өздерінің және біз олармен алмасамыз, бұл ақпарат зерттеу мен талдау үшін ашық болуы тиіс. Бұл тек Ресей мен Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде әдістің одан әрі дамуына ықпал етеді.

– Қазақсандық мамандармен тәжірибе алмасу процесі қалай өтті? Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтандағы Ұлттық нейрохирургия орталығындағы «Лекселла Гамма-пышағы» кешенінде жұмыс істеуге персонал қаншалықты дайын?

– Стереотаксикалық әдістің басты ерекшеліктерінің бірі – ол оңай трансляцияланады. Біз өзіміздің жоғары технологиялық тәжірибемізді әріптестерімізге бере аламыз – қалай емдеу керек, неден, қандай көрсетілімдер. Әрине, ескеретін көптеген ерекшеліктер бар, біз олар туралы айтамыз. Бірақ, жалпы, қазақстандық мамандар оқудан сәтті өтті және өз бетінше жұмыс істеуге дайын. 

– Жалпы Қазақстан Республикасында ми ауруларымен ауыратын науқастарға көмек көрсету жүйесі туралы не айта аласыз?

– Мен сіздің жағдайыңызбен таныс емеспін, бірақ 10 миллионға жуық науқасқа бір қондырғы керек деп есептеледі. Ресейде, біздің мәліметтер бойынша, жылына 60 мыңға жуық науқас мұндай емге мұқтаж. Қазір Қазақстанда мұндай мүмкіндіктің болғаны өте жақсы.

– Бұл жабдық және емделудің өзі, біздің түсінуімізше, жеткілікті қымбат. Ресейде «Лекселла Гама-пышағымен» емдеу пациенттердің қандай қаражаты есебінен ұйымдастырылған?

– Иә, бұл қымбат тұратын жабдық. Өзі ғана емес. Оны күтудің өзі қымбат, біршама уақыттан кейін кобальттің көздерін ауыстыру керек, бір қайта зарядтау шамамен миллион еуро тұрады. Бірақ біз мұнда анықтап алуымыз керек – бағаны немен өлшейміз? Егер аспаптардың құнын ғана емес, жалпы емдеуді қарастыратын болса – онда «Гамма-пышақты» қолданғаннан кейін операциядан кейінгі реанимация, пациенттерді оңалту және өзге шығындар қажет емес. Нәтижесінде, радиологиялық емдеу, химиотерапияға қарағанда бірнеше есе арзан және тура хирургиядан 24 есе арзан. Бұл әдіс пациенттерге ыңғайлы екендігі туралы айтпағанның өзінде, олар бірнеше апта бойы ауруханада болмай үйге бара алады. Оларда кем дегенде, басқа емдеу тәсілдерінде сияқты  өмір сүру сапасы нашарламайды, олар жұмысқа қабілеттіліктерін сақтап қалады – оны да ескеру қажет.  Әрине, мұндай емдеудің бағасы, мысалы, Ресейде АҚШ-қа қарағанда бірқатар төмен, ал Еуропаға қарағанда 3-4 есе төмен болса да, біздің адамдар үшін бұл өте жоғары сомалар. Сондықтан, сақтандыру ұйымдары, мемлекеттік құрылымдар осы емдеу әдістерін өздерінің бағдарламаларымен қамтығаны маңызды. Пациенттер үшін бұл тегін болғандай, ал медициналық мекемелер өз шығындарын қайтарып алатындай.

– Сіздің ойыңызша, қазіргі заманғы елде ми ауруымен ауыратын науқастарға көмек көрсету жүйесі қалай ұйымдастырылуы керек?

– Кез келген ауруды емдеу қарапайымнан күрделіге жүруі тиіс. Әрине, дұрыс және заманауи диагностика керек. Функционалдық аурулар туралы айтқанда – мысалы, талма ауруы немесе гипофиз ісіктері – мұнда ем дәрі-дәрмекпен емдеуден басталады. Уақтылы шешім қабылдау үшін, процестің салалығы, сатылығы болуы тиіс – қандай жағдайларда кәдімгі хирургия тиімді, ал қай жерде радиохирургияның мүмкіндіктерін қолданған жақсы. Бастысы – адамды жай ғана емдеп шығару емес, сонымен бірге оның өмір сүру сапасын сақтап қалу.   

– Стереотаксикалық радиохирургияның қандай жаңа бағыттары, технологиялары, жабдығы, емдеу әдістері бар?

– Біз емдеу үшін неғұрлым дәл көрсеткіштерді әзірлейміз – кімді және қалай емдеу, оқшаулауын анықтаймыз. Балаларды емдеуді сәтті жүргіземіз. Сонымен бірге, функционалдық аурулары бар науқастарды емдей бастадық – бұл парксонизм, тремор, қатерлік ісік кезіндегі ауырсыну синдромадары. Психикалық аурулары – импульсивті-компульсивті синдромадары бар науқастар алғаш рет емделді. Болашақта «Гамма-пышақты» қан тамырлары аурулары, мысалы, аневризм кезінде қолдануға болады, тағы да пациенттердің кейбір бөліктерінде ғана. Қазір бұл талқылануда және енгізіле бастады. Бірақ мен тағы айта кеткім келеді: тек дәрігерлер қандай емдеу әдістерінің пациент үшін тиімді екенін шешуі керек және оны емдеп қана қоймай, өмір сапасын сақтауға көмектеседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз