Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Астана маңына Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің өтуіне байланысты блок-постар қойылғанын хабарлады.
«Елімізде, елордада геосаяси тұрғыда зор маңызы бар өте ауқымды саяси іс-шара өтетіндігіне байланысты қазіргі уақытта полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Сондықтан да мұндай шаралар қолданылады. Бұл – Қазақстан тапқан дүние емес, халықаралық тәжірибе. Біз мұның бәрін ең алдымен халықтың қауіпсіздігі үшін жасаймыз. Мәртебелі меймандар, үлкен делегация келетіндігіне байланысты алдын ала ескертеміз. Стратегиялық мекемелер күзетке алынған. Көрші мемлекеттерде болған оқиғаларға байланысты жасақтарымызды діни және өзге де нысандарға жақындаттық», – деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысы барысында.