Таяуда танымал әнші Ұланғасыр Қамидың «әйеліме хиджаб кигіземін, хиджабқа көнетін әйелді аламын» деген сөзі әлеуметтік желіде тараған болатын. Осы орайда, белгілі продюсер Баян Алагөзова пікір білдірді.
Оның ойынша, жас әншінің бұл сөзі «қараңғылық пен түк көрмегендік».
«Түк көрмегендік пен қараңғылық қалыпты жағдайға айналып барады. Темір іш киім киіп алшы, өтініш, жарай ма?», – деп жазды продюсер желідегі парақшасында.
Еске салсақ, әншінің «Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа» деген сөзі желіде дау тудырған.
«Көшеге әтірін сеппей шығып, күйеуінің алдында ғана себетін, көшеге боянбай шығып, күйеуінің алдында ғана боянатын» деген талаптарды қатты ұстанамын. Соған дайын әйел болса, аламын. Басқалар (ред-) кигізе ме, шешіндіре ме, шешіп ала ма – шатағым жоқ. Соған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Неге, арабтікі ме – маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, «чао» деймін. Өйткені, мен болашақ әйелімді санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді. Ал енді неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой. Үйленгеннен кейін екінші адам үшін де жауаптысың. Ақыретте екі адам үшін сұраласың. Сол үшін хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, өзімізді қатыра алмай жүргенде, екінші адам үшін сұралғым келмейді. Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты», – деген еді әнші Ұланғасыр Қами.