Әнші Төреғали Төреәлі ерекше образбен ел алдына шығып, елді таңғалдырды. Шоу-бизнес өкілі Алматының Арбат алаңында шал кейпінде ән шырқады. Оның ерекше образбен ел алдына шыққан сәті түсірілген видео желіде тарады.
«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға. Бүгін кешке бірдеңе бүлдіреміз. Осындай шал болғанша елге қызмет ету бұйырсын!», – деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасына.
Көпшілік оның ерекше образын талқылап жатыр.