TikTok-та Ерасыл Уалиев есімді оқушы өзінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1 балл алғанын жариялады. Бірінші топ оны өзінің айтуынша «тупойсың» десе, екінші топ «не деген ақылдысың» деген, ал ендігі бір топ «бір ғана сұраққа жауап бергенсің» деп ойларын бөліскен.
Дегенмен 1 балмен антирекорд жасаған оқушы өзінің желідегі жазылушылары қазірдің өзінде мыңнан асқанын айтып, оқырмандарын ертесі күнге жоспарлаған стримге шақырып отыр.
«Айтпақшы, менде стрим ашылыпты. Ертең 8-ден 9-ға дейін стримге кіріңіздер, сұрақтарыңызға жауап беремін», – дейді Ерасыл.