Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстан транзиттен табыс табатын елге айналуы керек – Мәжіліс депутаты

Бүгінде еліміз арқылы өтетін транзит көлемі артып келеді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты дамып, теміржол, автомобиль, теңіз және авиация дәліздері жаңғыртылуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан арқылы өткен транзит көлемі 36,9 млн тоннаға жеткен.

Сонымен қатар депутат қазіргі таңда Қазақстан халықаралық тасымалдан түсетін әлеуетті табыстың елеулі бөлігін жоғалтып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, ел тек жүк өтетін дәліз ретінде қалып қоймай, транзит айналасында өндіріс, цифрлық сервис және экспорттық мүмкіндіктер қалыптастыруы қажет.

Сауалда әлемдік тәжірибелер де мысал ретінде келтірілген. Атап айтқанда, БАӘ-дегі Джебель-Али порты, Сингапурдағы Туас порты және Германиядағы Дуйсбург порты тек транзиттік нысан емес, толыққанды индустриялық-логистикалық экожүйе ретінде жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жүктерді өңдеу, қаптау, сертификаттау, қызмет көрсету және қайта экспорттау жүзеге асырылады.

Депутат Қазақстандағы Smart Cargo, логистикалық паспорт, «бір терезе» секілді бастамалардың бар екенін, алайда олардың әзірге бірыңғай экожүйеге біріктірілмегенін айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін жүк қозғалысының цифрлық ашықтығы жеткіліксіз екенін атап өтті.

Осыған байланысты Үкіметке бірқатар ұсыныс жолданды. Атап айтқанда:

– еркін экономикалық аймақтар мен логистикалық орталықтарды біріктіретін индустриялық-логистикалық хабтардың арнайы режимін енгізу;

– Smart Cargo, электронды құжат айналымы және жүк трекингін қамтитын толық цифрлық интеграция жасау;

– барлық төлемдерді жүк келмей тұрып алдын ала цифрлық есептеу жүйесін енгізу;

– логистикалық нысандарға ревизия жүргізіп, 2035 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасын әзірлеу;

– Үкімет жанынан бірыңғай үйлестіруші орталық құру.

Депутаттың пікірінше, бұл шаралар Қазақстанға жай транзиттік мемлекеттен көлік-логистика саласында жоғары қосылған құн қалыптастыратын елге айналуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылып, салық түсімі мен экспорттық әлеует артады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз