Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды

443

Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.

“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Президентінің куәлігін табыстады.

Бұл іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, үкімет мүшелер, шетелдік елшілер, сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қатысып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін айтып өтті.

” Қасым-Жомарт Тоқаев – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ағылшын, қытай және француз тілдерін меңгерген. Еліміздің басқарушы лауазымындарында үлкен еңбек өтілі бар, еліміздің сыртқы саясаты қалыптасу кезінде сыртқы істер министрі болды. Вице-премьер, министр және премьер-министр, Сенат төрағасы қызметтерін атқарды. Елімізді біледі, оның экономикасын, саясатын біледі, БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді”, – деген еді Назарбаев 19 наурызда телеарналар арқылы айтқан мәлімдемесінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны

Сондай-ақ, Назарбаев Тоқаевтың адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз