Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны

2666
kursiv.kz

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын (1975), Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1992) бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: “Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит мемлекеттері” (1998). Саяси ғылымдар докторы, диссертация тақырыбы: “Қазақстан Республикасының жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу кезеңіндегі сыртқы саясаты” (2001). Қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін меңгерген.

Еңбек өтілі

1975 жылдан 1979 жылға дейін — КСРО Сыртқы істер министрлігінің кезекші референті, кезекші референт, Сингапурдағы КСРО елшілігінің референті.

1979 жылдан 1983 жылға дейін — КСРО Сыртқы істер министрлігінің аға референті, атташесі, үшінші хатшысы.

1983-1984 жылдары — Пекиндегі Қытай тілі институтының стажері.

1984-1985 жылдары — КСРО Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы.

1985 жылдан 1991 жылға дейін — Қытайдағы КСРО елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.

1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

1994-1999 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

1999 жылы — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.

1999-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы, премьер-министрі.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер министрі.

2003-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы үшінші шақырылған Парламенті Сенатының депутаты, төрағасы.

2011 жылдан 2013 жылға дейін — БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімшесінің басшысы.

2013 жылдың 16 қазанында ҚР Парламенті Сенатының спикері болып сайланды.

2017 жылғы 13 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

“Қазақстан Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев” (2004), “Парасат” (1996), Достық (РФ) (2004) ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ Князь Ярослав Мудрый III дәрежелі орденімен марапатталды (Украина, 03.2008).

Отбасы: әйелі — Токаева Надежда Давыдовна, балалары — Тимур (1984 ж. т.).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз