Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Мәжіліс депутаты Тимур Қырықбаев: «Банк жеке тұлғадан қосымша кепілгерлік немесе кепіл талап етуге құқылы емес»

Осы мәселелерді шешу үшін Тимур Қырықбаев «Банктер туралы» Заңның 54-бабына бірнеше нақты өзгеріс енгізуді ұсынды. Түзетуге сәйкес, енді банк:
• кепілгерлік немесе кепіл рәсімдеу кезінде жеке тұлғаның қаржылық жағдайын міндетті түрде бағалауға;
• негізгі қарыз бен ұсынылған қамтамасыз ету құнының айырмасы бойынша міндеттемені қабылдауға кепілгердің жазбаша келісімін алуға міндетті болады.

Сонымен бірге ұсынылған қамтамасыз ету негізгі міндеттемені толық жауып тұрған жағдайда, банк азаматтан қосымша кепілгерлік немесе қосымша кепіл талап етуге құқылы емес. Бұл норма банктердің артық талап қоюына шектеу қоюға бағытталған.

Тимур Қырықбаевтың бастамасын Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Арман Баққожаев та қолдады. Депутат алдағы уақытта аталған түзетудің жұмыс барысы туралы қоғамды әрі қарай да хабардар етіп отыратынын айтты. Бұл өзгерістер қоғамда көптен бері талқыланып жүрген жеке кепілгерлік мәселесін жүйелі түрде реттеп, азаматтардың құқықтық және қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз