Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
13
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Карина Горичева – олимпиаданың қола жүлдегері

23 жасар Карина Горичева Талдықорғанда туған. Ауыр атлетикамен 15 жасынан бастап айналыса бастапты. Жерлесіміз бұдан бұрын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанған. Универсиада аламанында күміспен күптелген. Ал 2015 жылғы Әлем чемпионатында бесінші орынды иеленген болатын. 

Горичеваның қоласы Қазақстан құрамасының қоржынындағы әзірге төртінші медаль. Бұдан бұрын дзюдошы Елдос Сметов күміс алса, оның әріптесі Галбадрах Отгонцэцэг және тағы бір зілтеміршіміз Фархад Харки қола медальды қанағат тұтқан-тұғын. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз