Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кәсіпкерді заңсыз тексерген салық қызметкеріне ескерту жасалды

Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының «К.» деген бас маманы қолында актісі болмаса да кәсіпкерді заңсыз тергеп, тексерген.

„Ол ҚР кәсіпкерлік және салық кодекстерінің нормасын бұзып, тексеруді тағайындау туралы актіні шығармастан, жеке кәсіпкерді шақырып, одан кәсіпкерлік әрекетіне қатысты құжаттарды талап еткен және тексеріс жүргізген. Осының негізінде, салық инспекторының әрекеті салдарынан ҚР конституциясының 26-бабының 4-тармағымен кепілденген жеке кәсіпкердің кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігіне деген құқығы бұзылған.
Осылайша, прокуратураның ұсынысы негізінде Алматы қаласы Бостандық ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы «К.» мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін оған «қызметтік сәйкестігі толық емес»  деген шара жарияланды„ делінеді алдын ала ұсынылған баспасөз хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз