Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көшеде көлік тоқтата алмайтын болдық. Заңсыз такси боп жүргендерді «аулау» басталды

111

Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Кісі тасумен айналысушылар өз бизнесін салық органында ресми түрде тіркеуі керек. Ал 10 күннен кейін заңсыз таксистерді „аулау„ басталады.

Заң бұзушылар айыппұлмен құтылып кетсе жақсы. Мұндай заңсыздықты жүгендеуде сот шешімімен көлігін тартып алу да қарастырылған екен.

„Заңсыздық орын алған жағдайда хаттама толтырылып, бұл құжат сотқа жіберіледі. Айыппұл көлемі 15 айлық есептік көрсеткішті (31 815 теңге), ал қайталанған жағдайда ол 30 айлық есептік көрсеткішті (63 630 теңге) құрайды. Сол секілді сот органы кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын мүлікті, бұл жағдайды көлікті тәркілеуді қарастыра алады„ – деді Алматы қаласы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев.

Такси қызметін заңдастыру үшін жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына небәрі екі құжат апарсаңыз болғаны: өтініш және тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама. Тіркеу тегін. Ал ай сайынғы салық табыстың екі пайызын құрайды.

Бір күндік тексеру шарасы кезінде Медеу ауданының салықшылары кісі тасумен заңсыз айналысушы 25 көлік иесін анықтаған. Жалпылай алғанда, Алматыда 2117 заңды такси бар, жыл басынан бері жеңілдік жағдайымен шамамен 270 адам тағы да есепке тұрған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз