Қазақстанда бөтен азаматтарды өз үйіне көптеп тіркейтін пәтер иелеріне жаза қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кезінде ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
– «Резеңке үйлер» деген ұғым бар. Мұндайда бір пәтерде 200-300 адам тіркелген кездер болады. Сондықтан осы мәселені заңнамаға сәйкес жөнге келтіру керек, – деді министр халық алдында есеп беру жиынында.
– Біз тіркеуде тұрған азаматтар сол үйде тұрмағандықтан, пәтер иелерін жазалаймыз. Бұл мәселені шешетін боламыз, – деп түйді сөзін министр.