Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Күн батареялы ұшақ Жерді бір айналып шықты

Ұшаққа 17 248 күн батареясы орнатылған. Олар моноқанаттағы төрт электр двигателіне қуат береді. Түнгі уақытта ұшақ төрт литий полимерлі батареялары арқасында қуат алады. Ұшақ салмағы минивэн салмағымен пара-пар, бірақ ұшақтың үлкен моноқанаты бар. Моноқанат ұзындығын Boeing 747 лайнерінің қанаттарымен салыстыруға болады.

Solar Impulse-2 сапары барысында бірқатар қиындықтар туындаған – Жапониядан Гавайиға ұшар жолда батареялар зақымданған. Оны жөндейтін кезде ұшқыштар тоғыз ай күтті. Атлант мұхитын ұшақ 70 сағатта кесіп өтті.

Жер шарын айналу сапарының басты демеушісі – Абу-Дабидің экологиялық таза технологиялар саласында істейтін үкіметтік компаниясы. Жоба құны – 100 миллион доллар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз