Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Хайп жасаған қазақстандық жұлдыздар арнайы қызметтердің назарына ілікті

177

«…Қазақстанда шоу-бизнес жұлдыздарына қатысты мәселе туындады. КОВИД-19 жұқтырған адамдардың  саны күннен-күнге артып жатқан сәтте бұл елдің қоғамдық пікірге әсер ете алатын кейбір танымал адамдары коронавирус туралы жалған ақпарат таратты…»

Бұл туралы Coda порталы жазады. Американдық журналистер рэп стиліндегі орындаушы Say Mo мәлімдемелерін мысалға келтіреді. Қыз өзінің 634 мың оқырманы бар Instagram желісіндегі парақшасында біреулер әдейі ауадан у шашуда деп хабарлады.

Бұл туралы ММА жауынгері Қуат Хамит те жеке парақшасында жазды. Оның шамамен 300 мың оқырманы бар.

«…Тағы бір әнші, Дильназ Ахмадиева АҚШ-ты  аймақтағы зертханалар желісі арқылы коронавирус таратып жатыр деп айыптады. Оның 856 мың  оқырманы бар — бұл 18 миллионнан астам халқы бар ел үшін үлкен сан… Осы жұлдыздардың соңында шағын аудиториялардың көшбасшылары бар, олар Ватсап және Телеграм арқылы мүлдем жабайы теорияларды талқылайды…».

Барлығы хайп үшін

Мақала авторлары бұрын жүкті әйелдерге арналған әуесқой фотосуреттер мен пайдалы ақпаратты жариялаған Instagram белсендісі туралы да айтты.

Ал пандемия кезінде

«…ол өзінің 26 мың оқырманын Қазақстаннан ДДҰ кеңсесін шығару мақсатында CitizenGo платформасында ұйымдастырылған петицияға қол қоюға шақырады».

Мақала авторлары тағы былай дейді:

«…7 шілдеде Say Mo өзінің әпкесінің үйлену тойында біп топ адаммен селфи жасады. Үкімет халықаралық гранттар алу үшін коронавирусты әдейі таратуда деген пікір білдірді.

Қазіргі үкіметтің елде орын алған жағдайға нақты диагноз қоюға шамасы келмейді — Әшімбаев

Бұл 23 жастағы әншінің көктемде шығарылған «Сиди дома» трэгіне жазылған посттарына қайшы келеді. Ол оқырмандарын антисептиктерді қолдануға және далаға шықпай-ақ әлемді құтқаруға үндеді. Әнші Instagram-да 500 мыңнан астам қаралым жинаған видео жариялады, онда оқшаулауда отырғандағы көңіл-күйі туралы айтады…»

«…Сонымен қатар, қазақстандық бой-бенд All Davai-дың бұрынғы әншісі Шоқан Маратұлы Түркияда отырып, 175 мың оқырманына коронавирустың соңында Deep State тұрғанын айтты…»

«…Үкіметтік бақылаушылар жұлдыздардың бұл посттарына назар аудармады. Оның орнына, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БАҚ-қа пандемиямен күресте Үкіметтің есептеріне қатысты сыни көзқарасты азайту керегін ескертті…»

Күтпеген қызығушылық

Материал авторлары Катя Патин мен София Возная, біздің жұлдыздардың халыққа «интеллектуалды» сәлемдемелерін мұқият талдап қана қойған жоқ. Олар еліміздің әртүрлі белсенділері мен қарапайым азаматтары жариялаған көптеген бейнематериалдарды мұқият зерттеді.

Пандемияның алдында азаматтардың денсаулығын қорғау жүйесі өзінің дәрменсіздігін көрсетті деген қорытындыға келді.

Жоғарыда айтылғандарда жаңа ештеңе жоқ. Бірақ басқа бір факт қызықтырып отыр. Сайт өзін жаһандық трекер, жалған және негізсіз ақпаратпен күресуші ретінде көрсетеді. Алайда бұған дейін Қазақстанға қызығушылық танытпаған.

Біздің жұлдыздардың жекелеген сөздері ағылшындардың назарына қалай ілікті? Олар атап айтатындай, ерекше көзге түсерлік әрекет жасамады.  Ал бұл американдық сайт «Стратфор» немесе жеке ЦРУ секілді старт-ап ретінде жұмыс істейді.

Соғыстағыдай

Өздеріне көбірек көңіл аударғысы келген

біздің жұлдыздар көптеген жанкүйерінің арасында жалған ақпарат таратты

Нәтижесінде Қазақстанның шекарасынан тыс жерлерде интернеттің қазақстандық секторындағы қалтқысыз сенім артып, өз бетінше талдау жасай алмайтын   контингенттің есебі пайда болды. Яғни, біздің жұлдыздар біреудің пайдасына жарайтын әлеуетті материал сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, президент Тоқаев еліміздің соғыс жағдайында өмір сүріп жатқанын бірнеше рет атап өткен болатын. Соғыс жағдайында біздің жұлдыздарымыз түрлі мәлімдеме жасады. Ал америкалықтар оны өздеріне түртіп алды. Біз бұл туралы аудиториямызға хабар беруді өз борышымыз деп санадық. Демократия бар, сондай-ақ демократиялық ойындар бар. Ақыл бар және псевдоинтеллектуализм бар екенін естен шығармайық.

Сонымен қатар әр адам өзінің сөзі мен іс-әрекетіне жауапты

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз