Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазіргі үкіметтің елде орын алған жағдайға нақты диагноз қоюға шамасы келмейді — Әшімбаев

266
Данияр Әшімбаев
Президент үкіметте коронавирус пен пневмонияның өршуіне байланысты жағдайды түзетуге  екі апта берген еді, алда бір апта ғана қалды. 10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев  шенеуніктер дәрі-дәрмектердің және ауруханалардағы орынның жетіспеушілігін реттемесе министрлер кабинетін отставкаға жіберуге дайын екенін айтты. Ол тиімді жұмыс істей алмаған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен және «СҚ-Фармация» басшылығын жұмыстан бостауды талап етті. Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмалары қазірдің өзінде орындалды. Бірақ
үкімет осынша қысқа уақыттың ішінде денсаулық сақтау саласындағы жүйелік дағдарысты еңсере ала ма?

Асқар Мамин мен оның командасының болашағы туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев пікір білдірді.

Медициналық тапсырма

— Президенттің сынынан кейін үкіметтің бір аптаның ішінде атқарған жұмысына қандай баға бере аласыз? Үкімет отставкаға кете ме, жоқ па? Нақты бір ауыс-түйістер бола ма?

— Ауыстыру жүргізу үшін қолайсыздау уақыт таңдалған. Қазір парламент демалыста,

жаңа құрамды бекіту үшін қол астында депутаттар болуы керек. Олардың көбі елордадағы ауруханаларда жатқаны  да белгілі,

бірақ процесс кез келген жағдайда тежеледі. Әрине, қыркүйек айына дейін уақытша үкімет сайлануы мүмкін, бірақ бұл олардың беделін арттырмайды, өйткені адамдар қосымша қадам жасауға қорқады. Оның үстіне, қазіргі министрлер кабинеті қыста өтетін мәжіліске сайлау алдындағы өкілеттікті доғаруы керек. Мерзімі әлі нақтыланған жоқ, бірақ желтоқсан немесе қаңтар айында болуы мүмкін.

Қазір Үкіметтің отставкаға кетуінің мәні бар ма? Жоқ. Бірақ, менің ойымша, кейбір нақты министрлерді ауыстыру қажет. Жұмыстан босатудың орнына, қазіргі түйіткілді мәселлерді шешуге баса назар аудару керек.

Мен бұған дейін де айтқанмын,

біздің орта лауазымдағы шенеуніктерді қамшылап отырса, олар айтарлықтай жақсы жұмыс істей алады

Ешнәрсе талап етпесек және нақты міндеттер қоймасақ,  олардың тиімді жүмыс істемейтіні анық. Қазіргі жағдайда барлық деңгейде  шешім қабылдануы тиіс. Медицина саласындағы түйіткілді мәселелергге шұғыл араласу керек.

Істен шыққан, қате тесттер сатып алынды. Қоғам оларды сатып алған және басшылық еткен адамдардың жауапқа тартылуын талап етеді

Жаңа тесттерді сатып алып, диагностиканың басқа жүйесіне көшуге болады, бірақ бұл мәселенің шешімі емес. Біріншіден, ешкім қанша адамның ауырып жатқанын және болашақта қанша адамның ауыратынын нақты білмейді. Екіншіден, нақты диагнозын қойғаннан кейін емдеуді талап ететін бас дәрігерлік алгоритм сақталмауда.

Шешімдердің жүйесіздігі

— Екіжақты пневмония.

— COVID-19-ға тапсырған тест теріс нәтиже көрсетеді.  Пневмония тарады ма, әлде жарамсыз тесттер қате нәтиже көрсетіп тұр ма кім түсіндіріп бере алады?

негативті жарияланымдар барлық ақпараттың 10%-ын ғана құрауы керек деп міңгірлеудің орнына,  жай ғана нақты мәселені қою керек

Қазір біреу қажетті және маңызды саяси шешімді қабылдауы керек. Ол денсаулық сақтау министрлігі, не мемлекеттік комиссияның төрағасы, не премьер, не мемлекет басшысының өзі болуы мүмкін.

Себебі жағдай барған сайын күрделене түстуде, бірақ әлі де ешкім оны қалай шешуге болатынын айтқан жоқ. Ауруды ешбір диагноз қоймай  емдеудің мәні бар ма?

Дәрі-дәрмектерді сатып алу және қосымша төсек-орын ашу арқылы мәселенің шешімін таба алмаймыз, себебі дәрігерлер жетіспейді. Ал екі аптаның ішінде оларды дайындау мүмкін емес

Бірінші міндетіміз – қазіргі жағдайға диагноз қою. Оны әкімдер емес, денсаулық сақтау мамандары шешуі тиіс.

Республикалық консилиумды жинайық, адамдар болып жатқан жағдайға нақты баға берсін. Қазір адамдардың немен ауырып жатқаны түсініксіз болса да, антибиотиктермен немесе вирусқа қарсы препараттармен емдеу туралы пікірталас өтуде. Денсаулық сақтау министрлігі қандай шешім қабылдарын білмей дал болды.  Екі аптаның ішінде барлығының анық-қанығына жетеді деп ойламаймын.

Демек, денсаулық сақтау жүйесінің барлық саяси деңгейіне нақты бағдар беру қажет. Адамдарды бостан-босқа қорқыта берудің орнына, вирус жұқтырудан сақтанып, иммунитетті нығайтудың жолдарын нақты айту керек.

Саяси-медициналық штаб

— Қандай да бір министрдің жұмыстан бостаылуы, министрлер кабинетінің қозғалуына түрткі болатын шығар?

— Мәселе кейбір қызметкерлерде емес. Президент дұрыс мәселелерді тұжырымдады. Алайда жағдайдың күрделілігін шынайы мойындамайынша, оның шешімін табу мүмкін емес. Қазіргі кабинет те жақсы жұмыс істей алады. Тек жағдайды саяси бақылау қажет, бұл рөлді мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевқа беруге болады. Оның әлеуметтік салада тәжірибесі мол. Президент әкімшілігіндегі Денсаулық сақтау бөлімін қалпына келтірейік, ол бұл мәселемен жүйелі түрде айналыссын. Егер Үкімет пен әкімдіктердің жұмысын үйлестіру қажет болса, уақытша медициналық штаб құру қажет. Тіпті оған бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовты немесе Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті жұмысқа тартуға болады.

Саяси-медициналық орталықтан шешім қабылдануы тиіс. Бірыңғай алгоритм жасап, оны бәрінің бірдей орындауына талап ету керек.  Бізде елімізде шенеуніктер жұмыс істей алады. Қалағанымыздай көп болмаса да, санаулылар бар. Мен атаған адамдар жақсы саясаткерлер. Қазір елімізде денсаулық сақтау жүйесін кімнің басқарып отырғаны мүлде түсініксіз. Қазіргі министрдің саяси салмағы пен тәжірибесі аздау.  Шешімдерді денсаулық сақтау министрлігі желісі бойынша емес, жүйеден тыс қабылдау керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз