Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Грант иелерінің тізімін жариялауды “Егемен Қазақстан” жекешелендіріп алған ба?

310

Жарайды, жариялансын. Қызғанбаймыз. Бізден бұрын, ата-аналарға обал.

Тізім жарыққа шыға сала

еліміздегі жүздеген мың түлек “Егемен Қазақстанның” газетін іздеп сандалып, сайтын ашуға асығады. Алайда бұл уақытта қыруар адамның нөпірін көтере алмаған сайт кібіртіктеп қалады. Ашылмай, ұзақ ойланып қалатын сәттері де жоқ емес.

Бәлкім, грант иелерінің тізімін жалғыз “Егеменге” жариялатқанша, басқа да ақпарат құралдарына бірдей үлестірген дұрыс шығар. Қалай болған күнде, бұл – мемлекеттік құпия емес, барша халыққа ортақ ақпарат қой. Ал ортақ ақпарат болса, оны өзге БАҚ-тардың да халыққа таратуға құқы бар шығар?

Бұл турасында біз заңгер Абзал Құспанның пікірін білгенбіз. Ол былай деді.

Абзал Құспан

– Грант иелерінің тізімін тек “Егемен Қазақстан” газеті жарияласын деген талап  заң жүзінде бекітілмегені айдан анық нәрсе. Бірақ бізде мемлекеттік тапсырыс деген дүние бар ғой. Мемлекет белгілі бір дүниені жариялауға тапсырыс береді, оның ақшасын төлеп қояды.

Мұның артында кез-келген ресми орган, мысалға министрліктер тұруы мүмкін.

Грант иелерінің тізімін тек “Егемен Қазақстан” газетінде жариялау мемлекеттік тапсырыстың аясында атқарылып жатқан шаруа болуы мүмкін.

Егер мемлекеттік тапсырыс болса, мұны “Егемен Қазақстан” жариялауға міндетті. Мемлекеттік тапсырысқа тек грант иелерінің тізімін жариялау емес, басқа да тақырыптағы мәселелер кіреді.

Айталық, соның ішінде Үкіметтің қаулылары. Солай бола тұра бұларды бөліп- жара алмайсыз. Бұларды мемлекеттік тапсырыс алған кез-келген басылым қаласа да, қаламаса да жариялайды.

Демек, Білім және ғылым министрлігі қандай құжаттар жарияласа да “Егемен Қазақстан” ешқандай сөзге келместен берген құжаттарды жариялауға тиісті. Мемлекеттік тапсырыста жарияланатын дүниенің аты аталып көрсетілмейді.

Заңгердің пікірі осындай. Дегенмен сауалдың басы әлі де ашық.

Ақпараттық ғасырда өмір сүре отырып, халықты жалғыз “Егеменге” телміртіп қоюдан біреу пайда көріп отыр ма, қалай өзі?

Әлде, бұған еліміздегі басылым басшыларының өзі жауап берер ме екен?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз