Екі күннен кейін орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жек Ұлыбритания мен Ирландия аумағында тікелей эфирден көрсетіледі.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Еске сала кетсек, Головкин мен Мартиросян Карсондағы (АҚШ) StubHub Center аренасында 6 мамыр күні таңертеңгі сағат 9.00 шамасында рингке шығады.
Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың USA Today күнделікті газеті Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасқаны үшін қанша табыс табатынын жариялады.