Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

„Фэнтези„ саябағының басшылығы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

155

Кеше Алматыдағы «Фэнтези» саябағындағы «Ромашка» аттракционы әуеде қалықтап тұрып қалған. Ішінде отырған 15 адам 15 минуттай биіктікте болды, оларды парк қызметкерлері жерге түсірді.

Парк директорының орынбасары Анатолий Смирновтың айтуынша, электр желісі үзіліп, төтенше жағдай орын алған.

«Аттракцион қауіпсіздік жүйесімен қамтылған. Электр қуаты жыпылықтай бастағанда арнайы тежегіш автоматты түрде іске қосылады. Адамдар 15 минуттай жоғарыда отырып қалды. Біз олардың басы төмен салбырап, аяғы жоғары қарап қалмауын қадағаладық. Сосын жерге өз күшімізбен түсіріп алдық. Аттракцион қазір штаттық режімде жұмыс істеп тұр», – деді Смирнов.

Оның айтуынша, олардың арасында балалар болмаған. Бұл аттракционға бойы 1 метр 40 см-ден асатын адамдар ғана жіберіледі екен.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз