Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ержан Салтыбаев: ТМД саммитін өткізуге себеп көп

Сарапшының сөзіне қарағанда, ТМД кеңесі қатысушы мемлекеттерді өз шешімдерін орындауға міндеттемейді. Барлығы консенсус негізінде қаралады.

«Оны «Президенттер деңгейіндегі диалог» деп атауға болады. Соның арқасында үнемі байланыс ұстап, күнделікті мәселелер бойынша шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік бар. Ол жағынан ТМД өз функциясын толығымен орындап отыр. Сосын ТМД-ға мүше кейбір елдер Еуразиялық экономикалық одаққа да кіреді.

Демек, одақ аясындағы мәселелерді қарастыруға да мүмкіндік бар. Сондықтан бұл өте ыңғайлы формат. Ал жиналуға себеп жетерлік. Қазір геосаяси, әскери, санкциялық қауіп-қатерлер көп. Соның бәрін шұғыл талқылап отыру қажет. Әрине, президенттерге телефонмен сөйлесе салуға да болатын еді.

Дегенмен, осындай жиындарда мемлекет басшылары «тет-а-тет» кездесіп, барлық мәселелерді қарастыра алады. Меніңше, ТМД кеңесі өз функциясын толығымен орындап отыр», – деп атап көрсетті Е.Салтыбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз