Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Елбасы Словакияның Сыртқы және Еуропалық істері министрін қабылдады

Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Словакия Еуропалық одаққа төрағалық ететінін айта келе, бұл мемлекеттің қарқынды дамып жатқанының айқын көрінісі деді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуропалық одақпен жан-жақты экономикалық байланысына да көңіл бөліп, біздегі сауда айналымының шамамен тең жартысы осы одаққа тиесілі екендігін сөз етті. Еуроодақпен әріптестік жөніндегі құжатты ратификациялауға қолдау білдіргені үшін Мирослав Лайчакқа алғыс білдірді.

Президент Қазақстанда экономиканы әртараптандыру мен жекешелендіру шарасы, индустриалды-инновациялық бағдарлама іске асырылып жатқанын жеткізді. Бұл ретте Словакияның Сыртқы және еуропалық істері министрі өзімен бірге бизнес делегацияның ерте келгенін айтып, Словакия кәсіпкерлері қазақстандық әріптестерімен кездесіп жатқанын тілге тиек етті.

«Ондағы басты мақсат – екіжақты тауар айналымын арттыру», – деді. Сондай-ақ мәртебелі мейман еліміздің аймақтағы шиеленіскен жайттарды реттеудегі үлесін айрықша атап өтті.

Мирослав Лайчак, Словакияның Сыртқы және Еуропалық істері министрі:

– Құрметті Президент, сізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысым шексіз. Словакия мемлекеті басшысының сізге ыстық сәлемдемесін жеткізгім келеді. Сіздерді алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Елдегі тұрақтылықтың арқасында экономикалық және әлеуметтік даму бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды. Бұл сөзсіз сіздің орасан зор еңбегініздің жемісі. Біз қазақ елімен ынтымақтастықты одан ары дамытқымыз келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз