Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Димаш Құдайбергеннің Лондандағы жаңа шоуында көрермендерді не күтеді

102

Іс-шара Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында өтпек. Ұқсас жаңалықтар Димаштың америкалық тыңдарманы әншіге ерекше сыйлық жасады Димаш Лондондағы концерттен түскен қаражатты жас таланттардың игілігіне жұмсамақ Димаш Құдайберген Англияда жеке концертін өткізеді «DQ» – Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениеті күндерін атап өту шеңберінде арнайы дайындалған, Димаш Құдайбергеннің жаңа бірегей шоуы.

Бұл шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігі қолдауымен өтеді. Концерттен түскен барлық қаражат Қазақстандық дарынды жастарды қолдауға жұмсалмақ. Бағдарлама 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 10 жылда 1000-ға жуық дарынды жастартың халықаралық байқауға қатысуына қол ұшын берді.

Билеттер 19 қазан күні Лондон уақытымен таңғы сағат 11:00-де сатылымға шықты. Бүгінге дейін алдағы шоуға билеттердің шамамен 80%-і сатылды.

Оларды axs.com сайтынан сатып алуға болады, бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады: «Достар! Сіздермен Лондондағы кездесуді асыға күтудемін! Дайындалыңыздар! Сіздерге арнайы тосынсый әзірледім. Бұл керемет шоу болатынына уәде беремін! Тағы бір тосынсый бар: билеттерді әлі де сатып алуға болады! axs.com сайтына өтіп, билеттерді сатып алыңыздар».

Бірегей шоу атақты «Indigo at The O2» концерт залында өтеді. Мұнда көрермен Димаш Құдайбергеннің жаңа бағдарламасын тамашалай алады. Көрерменге концерт есігі Лондон уақытымен сағат 18:30-да ашылады, бағдарлама 20:00-де басталады деп жоспарлануда. Екі сағаттық концерттік бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Сахнадағы барлық көрініс live-band, би қойылымдарымен, 3D-эффектілермен және тағы сол сияқтылармен сүйемелденеді. Шоу фан-аумақтың көрермені жалпы перформанстың бір бөлшегі болатындай етіп ұйымдастырылады.

Димаш өмірден өткен досы Денис Тенді еске алу құрметіне «SOS d’un terrien» әнін орындайды. Одан бөлек, әншінің осы кештегі репертуарында, жанкүйерлері Димаш Құдайбергеннің орындауында сүйіп тыңдайтын шығармалар орындалады. Сонымен қатар, 19 қараша күні Лондонда қонақтардың назарына музыкалық премьералар – жарыққа алғаш шығатын шығармалар ұсынылады. Шоу барысында жас әнші, ән салып, би билеп қана қоймай, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл – шоудың тағы бір ерекшелігі болмақ.

Димаш Құдайберген – қазақстандық әнші, композитор, мульти-аспапшы екенін, вокалдық диапазоны өте кең – 5 октав, 4 нота және 1 жарты тонды қамтитынын естеріңізге саламыз. Сонымен қатар ол «Singer», «Байқоңырдың сазды үні», «Жас қанат», «Шығыс базары», «Мейкин Азия», «Славян базары» тәрізді ірі музыкалық байқауларға қатысып, жеңіске жеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз