Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Дархан Қалетаев Біріккен араб әмірлігінде дінаралық диалогтың маңыздылығын талқылады

Халықаралық әріптестікті одан сайын нығайта түсу керектігіне баса назар аудартқан шейх Нахаян бен Мүбарак әл Нахаян біздің Президенттің конфессияаралық диалогты жүргізудегі, сонымен қатар халықаралық тұрақтылық пен әртүрлі деңгейдегі дау-дамайды реттеуге бағытталған бітімгершілік бастамаларына өте жоғары баға берді.

Бұл ретте шейх Нахаян бен Мүбарак әл Нахаян Қазақстан президенті бастамашы болған Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің, шынында, бүгіндері ғаламдық диалогтық алаңқайға айналғанын баса айтты.

Сөйткен шейх 2018 жылдың 10-11-қарашасында Астанада өтетін осы басқосудың VI съезіне өзінің қатысатынын нақтылады.

Айта кетелік, қос мемлекеттік қарым-қатынасы белсенді дамуда, тараптар жоғары және өте жоғары деңгейде кездесулерді үнемі ұйымдастырып отырады.

Биылғы жылдың айтулы оқиғасы ретінде Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен араб әмірлігінің Қорғаныс күштерінің бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянның 4-5 шілдеде Астанаға ресми сапармен ат басын тіреуін айтуға болады.

Абу-Даби ханзадасының Қазақстанға бұл ресми сапары кезінде өзара меморандумға қол қойылған болатын. Оған сәйкес, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Сауап» халықаралық орталығы арасында әріптестікке қол жеткізіліп еді.

Сондай-ақ Дархан Қалетаев бұл жұмыс сапары кезінде Біріккен араб әмірлігінің Федеральдық ұлттық мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары Маруан бен Глейтпен де кездесті. Тараптар қос елдің Парламенттері арасындағы әріптестікті өзара талқылады.

Бұдан бөлек қазақстандық министр Дубайдағы ислам істері және қайырымдылық департаментінің бас директоры Хамад аш-Шейбанимен де жолықты. Бұл құрылым қайырымдылық қауымдастықтары мен ислам институттарына лицензия беру, жалпы қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру мәселелерімен айналысады. Хамад аш-Шейбани 15-16 қарашада Дубайда толеранттық бойынша халықаралық саммит өткелі жатқанын айта келе, оған Қазақстанның қатысатындығына ниет білдірді. Бұл департаменттің басшысы да Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз