Жуырда атауы өзгертілген Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің орнынан келген Қоғамдық даму министрлігінің басшысы болып Дархан Қалетаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Spunik Қазақстан агенттігі.
“Дархан Аманұлы Қалетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын”, — делінген президент жарлығында.
https://kaz.365info.kz/darhan-khaletaev-din-ister-ministri-bop-tagajyndaldy-309470
Дархан Қалетаев
Сенат депутаты болған Дархан Қалетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып биыл сәуірде тағайындалған болатын.
Дархан Қалетаев 1972 жылы 14-қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл (Приозерное) кентінде дүниеге келген.
1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді.
https://kaz.365info.kz/bake-40-kha-dejin-barimiz-zhaspyz-senator-ykimetten-zhas-shekteuin-khajta-kharaudy-syrady-252588
1996-1997 жылы ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдады. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарған.
2007- 2008 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
2008-2009 жылдары “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары және ҚР президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2009 жылдан бастап “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры лауазымында болды.
2016 жылдың қазанында сенат депутаты болып тағайындалды.