ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев өзінің жұмыс жасауына ешкім кедергі келтірмегенін айтты.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде журналистер Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Данияр Ақышевты ешкімнен қорықпауға шақырғанын еске салды. Осыған орай, Ұлттық банктің басшысына оған кімнің кедергі келтіргені туралы сұрақ қойылды.
– Жоқ, жұмыс жасауға ешкім кедергі келтірген жоқ. Банк жұмысының нәтижесі – біліктілігі жоғары мамандардың қажырлы еңбегінің жемісі. Біз өз жұмысымызды адал әрі дұрыс атқарудамыз. Экономикалық үдеріс жағдайында барлығы ойдағыдай бола бермейді, – деп жауап берді Ақышев.