Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында тойда қалай демалу керектігін көрсететін видео жариялады.
Сахнада әуезді әуенімен көрерменін жаулап, шығыс биіне тән қимылымен қыздардың жүрегін жаулаған хитмен әнші бұл жолы тойдағы биін жариялаған екен.
„Мә, саған би!„ деп беріпті видео тақырыбына.
Желі қолданушылары Қайраттың сымбатына жоғары баға беріп, биін де ұнатып қалды.
Бірақ елдің бәріне бірдей жағу мүмкін емес қой. Желі қолданушының біріне оның биі ұнамапты: „Бұтын жарбаңдатып, мұнысы несі„ депті ол.