Еуропалық математикалық қоғам президенті Павел Экснер қазақстандық Ақылбек Көпжасаров әлемдегі ең қиын есептің бірін шығарды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Филдсов сыйлығы комитетінің атынан шығып тұрған жоқпын, бірақ кез келген жұмыс стандартты сараптамалық шолудан өтуі тиіс. Бұл адам өтірікші ме әлде әзілдеді ме, білмеймін. Егер
кімде-кім нәтижені Еуропалық математикалық қоғам растады десе – бұл жалған»,
– деді Павел Экснер.
Еске салсақ, қазақстандық БАҚ-тар Атыраудан 20 жастағы Ақылбек Көпжасаров әлемнің ең күрделі есептерінің бірі – бұрыш үшсекциясы есебін шығарғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Оны Филдсов сыйлығы комитеті мен Еуропалық математикалық қоғамы растады деген болатын.
Сол секілді осы ақпаратты таратушы басты дерек көз – Ақ Жайық басылымы:
„Бұл біздің 1-сәуірге арналған қалжың жаңалығымыз болатын„,
– деген ресми хабар таратты.