Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Дүниежүзі ғалымдары аң-таң”. Мына қазақтың баласы айды аспаннан бір-ақ шығарды

432

https://kaz.365info.kz/khozgalsa-keudesi-korinedi-bayan-makhsatkhyzy-shymkentti-shulatyp-ketti-272031

Ақылбек шешімі жоқ есеп жайлы факультативтік сабақтың бірінде өз ұстазы аузынан 15 жасында естіпті. Содан бері ол қолы қалт етсе осы есепті шығаруға басын ауыртатын болған. Ақыры ол таяуда есепті шығарады. Сөйтіп оны Еуропадағы математиктер қауымдастығына жолдайды. 2 айдан соң олардан жауап келеді.

Сөйтсе Еуропалық математика конгресі қазақ баласын 2018 жылғы сыйлыққа ұсынатынын жазыпты. Ал оның бұл есебі сол қауымдастықтың сайтына орналастырылады. Сол кезден бастап дүниежүзі математиктерінен Ақылбекке хат қарша бораған.

Ал Ақылбек сол хаттың бірі есептің дұрыс еместігін дәлелдеуге тырысса қайтемін деп қатты қобалжыпты. Бірақ бір де бір математик Ақылбек шығарған есепке әзірге күмән келтірмеген.

https://kaz.365info.kz/10-mlrd-ty-bajbekke-berdim-myna-kisi-shirigen-baj-eken-video-237615

Нобель сыйлығы секілді математиктерге тағайындалатын Абель сыйлығынан Ақылбек үмітті екенін жасырмайды. Оның көлемі 1 млн доллар көрінеді. Ал Абель сыйлығының иегерін Халықаралық математикалық одақ пен Еуропадағы математиктердің қоғамы тағайындайтын бес ғалымнан тұратын комитет анықтайды екен.

Қалай дегенмен дүниежүзі ғалымдарын Ақылбектің жастығы мен ешқандай ғылыми атағы жоқтығы таң қалдырыпты. Ал Ақылбектің өзі ғылыми атаққа ешқашан қызықпағанын, оған жұмсаған уақытты ол осындай есепті шығаруға жұмсауды жөн көреді.

Студент Ақылбек техникалық заттар сататын дүкенде жұмыс істеп, ата-анасына ауыртпалық түсірмеген.

https://kaz.365info.kz/aza-ty-tojy-myna-apadan-lgi-aly-yzdar-video-240717

“Математикалық сайттарға кіріп, осы есепті шығаруға тырысқан адамдардың тәжірибесін әбден зерделедім. Барлық амалды қолданып көрдім, болмады. Ең соңында Киперт гиперболасын Гильберт дәлелімен және үшінші шеңбер ережесімен қолданып көруге тырыстым. Содан шыға келді”, – дейді Ақылбек.

Бұл материалдың өткен жылы осы кезеңде шыққанын еске сала кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз