Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Биыл Алматыда ядролық медицина орталығы ашылады

199

Бұл туралы ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев мәлімдеді деп хабарлайды 24kz.

Оның айтуынша, орталықта қатерлі ісік ауруларын радиацияның көмегімен емдейтін дәрінің 10 түрі шығарылады. Мұндай препарттар өзге мемлекеттерде де шығарылғанымен, біздің ғалымдар өзіндік технологияны қолдану арқылы қолжетімді бағада өндіруді мақсат етіп отыр. Орталық еуропалық талаптарға сай болады.

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:

– Олар адамның ағзасына енгізіледі. Сол көрсетілген жерден жаман аурудың жасушалары жиналған жерге барып, өздерінің сәулелері арқылы оларды жойып, адамның денсаулығына көп көмек алып келеді. Яғни, ғұмыр жасын ұзартуға. Мысалы Sm негізіндегі препарттар адамның сүйектегі жаман ауруларды кем дегенде 20-30 күнге дейін тоқтатады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз