Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Біреудің отбасысын бұзған шоу бизнестегі әйелдер (фото)

899


Дәурен сол уақытта отбасылы, үш баласы мен әйелі бар еді. Еркекке бұдан артық не керек деп ойлар едік.


Бірақ, Айдарқұлов өзінен 14 жас кіші қызбен көңіл қосты. Әйелі оған айырылысуға рұқсатын бермесе де, бұл оған Ақботамен бірге бақытты болуына кедергісін келтірген жоқ.


Қазірде ғашықтардың Ибрахим есімді ұлы бар.


“Рахат-Лукум” тобының әншісі Ленара кештерге жиі қатысатын. Соның арқасында ол кәсіпкер Райымбек Баталовтың көңілін өзіне аудартып алды.


Ленара топ ішіндегі ең көрікті қыз болғандығы құпия емес.


Баталовтың екі қызы мен әйелінің барына қарамастан, әнші өз бақытынан айырылмай, кәсіпкерге тұрмысқа шықты.


Қазір бұл жұп еліміздегі ең сәнқой жұптарының бірі болып саналады.


Актрисалық жолын енді ғана бастаған Айгүл Иманбаева актер Серік Әбдіқалықты кездестіріп, көңіл жарастырды. Ғашықтар көп ұзамай үйленіп, бір балалы болды.


Алайда,отбасының шырқын Айгүл Иманбаеваның жақын құрбысы Алтынай Жорабаева бұзды. Араға бірнеше жыл салып, құрбылар татуласса да, қазір Әбдіқалықов пен Жобарабаеваның отбасысының жағдай мәз емес.


Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепберген жыл басында өсектің астында қалған болатын.Желіге Айқын әйелдікке “Кешью” тобының бұрынғы әншісі Жұлдызды алып жатқан видеосы жүктелген.


Айқын Төлепберген, білуімізше, екі баланың әкесі. Желідегі бұл видеоға Айқын фильм түсірілімі деп жауап қатты. Алайда,сөзінің  шындығын фильм шыққанда көретін боламыз.

2017 жылға дейін Тұрсын Алагөзов жайлы халық аз білетін. Екі баласы бар кәсіпкер Баян Есентаевамен көңіл қоспас бұрын жұрт назарын аудармаған.


Табысты ұлы мен әдемі қызы, кәсіпкер әйелін продюсер Баян Есентаеваға алмастыра салды.


Алагөзовке деген махаббаты үшін Есентаева өмірінен де айырыла жаздады.

Бірақ, бақытына орай, Баян аман қалып, Алагөзовке тұрмысқа шығайын деп жатыр.


Атақты әнші Луина жақында Жомарт Сүлейменов екуінің ара-қатынасын елге жариялай бастады. Деректерге қарағанда, екеуі Луина продюсерге кастингке келгенде танысқан.


Ол кезде Жомарттың отбасы болған, ал Луина тұрмысқа шықпақ болған жігітімен айырылысып кеткен кезі еді.


Айдана Меденовамен таныспас бұрын Әлішер Нұржанов отбасылы болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Әлішер Нұржанов “Индиго” тобының продюсері болған. Кештердің бірінде Меденованың көзі Әлішерге түседі. Ол кезде ешкім Нұржан отбасын тастап, Меденоваға кетіп қалады деп ойлаған жоқ.

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз