Еркек пен әйел арасында достық болмайды деседі. Бірақ анығын кім білген? Еркек пен әйел достығына Бразилиядағы бір қыздың тірлігі дәлел болған сияқты.
Ребекка Абрантес үйлену тойына ұзақ дайындалған, алайда қыздар арасында өткізетін үйлену алдындағы соңғы кешті мүлде ұмытып кетіпті. Ребекка IT саласында жұмыс істейтіндіктен, көбіне еркектермен араласатын.
Содан тойынан екі апта бұрын Ребекка достарын шақырып, кеш ұйымдастыруды жоспарлаған. Болашақ қалыңдықты достары құптап, қызғылт халат, арзан шампан, бірнеше стақандар сатып алып суретке түскен.
Ребекка суреттерді өзінің Facebook парақшасына жүктеген. Ол суреттермен 50 мың адам “бөлісіпті”.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-porno-korgish-zhanynda-zhatkhan-magan-kharamajdy-kelinshektin-myny-263208
“Мен ғаламторда ешқашан танымал боламын деп ойламаппын”, – дейді Ребекка.
Жақында Ребекка үйлену тойдың да суреттерімен бөлісті.
Дереккөз:mix.tn.kz
boredpanda материалдары бойынша