Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Бауыржан Байбек босаған жерлерді Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіне қайтаруды тапсырды

Алқа отырысынында «Almaty Mountain Resorts» ЖШС-нің директоры Наиль Нуров алғашқы нұсқасымен салыстырғанда курорт жобасының екі есе оңтайландырылғанын алға тартты.

«Құрылыс алаңы 10 есе қысқарды, 300-ден 30 мың шаршы метрге дейін. Шаңғы трассалары 77-тен 18-ге дейін азайды, олардың басым көпшілігі шаңғы тебуді үйренушілерге арналған. Қонақүйлердегі орын саны 6,5 мыңнан 250 орынға қысқарған. Трассаларға жасанды қар төгетін екі өзеннің біреуі ғана қалды. Осыған орай біз бөлінген 1002- гектар жердің 100 гектарын босаттық. Мүмкін, босаған жерлер көлемі болашақта ұлғаятын шығар», – деді Наиль Нуров.

Мегаполис басшысы босаған жерлерді Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіне қайтару туралы мәселені жедел қолға алуды тапсырды.

Айта кетерлігі, жобаның жаңарған техникалық–экономикалық негізі биылғы жылы аяқталады. Осыдан соң оны көпшілік талқысына салу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз