Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Батыс Қазақстанда ірі қара белгісіз дертке шалдықты

Тұрғындар кесел адамдарға жұға ма деп алаңдайды. Бірқатары өз ақшаларына дәрі алып, малын өз бетімен емдеуге кіріскен.

“Мал ауырғасын, балаларымызды туыстарымыздың үйіне апарып тастадық. Өйткені балаларымызға да жұғар ма екен деп қорықтық. Бірақ өзіміз сол малдың ішінде жүрдік. Мал аяғынан ақсады, сосын аузынан сілекейі ақты. Аурудың белгісі осындай. Қазір өзіміздің күшімізбен тәуір болып келеді”

– дейді Ақжайық ауданының тұрғыны Сәлима.

Облыстағы ветеринарлар аталған елдімекеннен осыдан екі апта бұрын он шақты бас бұзаудың өлгенін растады. Қазір өлген малдан патологиялық материалдар алынып, түрлі ауруларға қарсы тексеріліп жатыр. Ол бірер күнде мәлім болмақ.

“Биыл күннің ыстығына байланысты әртүрлі шөп көп шықты. Жер тоғайдың қасында болғасын, әртүрлі шөптер бар. Біздер мал шөптен уланды деп күдіктеніп отырмыз. Бірақ лаборатория сібір жарасы мен аусылға теріс нәтиже беріп тұр. Қорытындысы қолымызда”, – деп сендірді БҚО ветеринария басқармасының басшысы Қазыбек Ташимов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз