14 жастағы қызды өлтірді деп айыпталғанымен алқа билері ақтап алған балқаштық әнші Станислав Кимге қатысты соттың жаңа үкімі шықты.
Прокуратураның қарсылығымен қайта қаралған іс бойынша күдікті кінәлі деп табылып, 14 жылға сотталды деп хабарлайды КТК арнасы.
2014 жылдың жетінші қарашасында қансырап жатқан Виктория Шевкунова Балқаштағы орталық саябақтан табылған болатын. Көп ұзамай күдікті ретінде қалаға танымал әнші Станислав Кимнің қолына кісен салынды.
Алғашында қылмысты толықтай мойындағанымен алқа билер қатысқан сотта белгісіз біреулер пышақтаған қыздың қасында кездейсоқ тап болғанын айтып ақталған.