Әнші Альбина Шардарованы жар еткен Бауыржан Сатов қалыңдығы ән шырқағанда жылап жіберді. Әрине, сүйген сұлуына қол жеткізген жігіттің бұл зарыға күткен қуаныш жасы болуы керек. Соған қарағанда Альбина үйлену мәселесіне келгенде Бауыржанды біраз қинаған секілді.
Бұл енді желідегілердің пікірі…
Қуандық Рақыммен бірге ән шырқап, бейнебаяны жарқ еткенде Альбина Шардароваға ғашық болмаған елде жігіт жоқ шығар. „Болайық бірге!..„ атты бұл бейнебаянның желідегі көрсетілімі де миллионнан асып, бірден хитке айналған.
Алайда өзінің сұлулығымен, әдемі дауысымен елді елең еткізген сұлу бірден жоқ боп кетті. Ал осы әнді, әуел баста, Гауһар Сардарбековамен орындаған Қуандық Рақым қайта әндегі дуэтіне оралды. Бірақ ол да ұзақ болмады. Гу-гу өсекке құлақ түрсек, қос әншінің аяғына тұсау болған қызғаншақтық болып шықты.
Иә, Альбинаның жігіті бар боп шықты. Ол оны қызғанғаны сонша сахнаға шығуына тыйым салған. Ал Қуандық тура қасындағы Гауһардың қызғанышынан „зардап шекккен„. Ақыры әлі үйленуді ойға алмаған Қуандық Гауһармен арадағы байланысты үзуге мәжбүр болыпты.
https://kaz.365info.kz/anshi-albina-shardarovanyn-yzatu-tojy-bolyp-otti-325972
Альбинаның қызғаншақ жігіті кім екені көп ұзамай белгілі болды. Ол бүгіндері бірге отау көтеріп жатқан – тележурналист, актер Бауыржан Сатов. Бауыржан ажырасқан жігіт, әйелі актриса болған. Олардың арасын да қызғаныш бүлдіргенге ұқсайды.
https://www.youtube.com/watch?v=V-sfFUdfF30
https://kaz.365info.kz/tanymal-akterdin-birinshi-ajeli-model-bolyp-shykhty-foto-video-326009