Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақтың абыройын асырды. Сүндет Байғожин ресейлік тележобаға қатысты (видео)

122

Қорытынды кезең алдында тележобаға қатысушылар екі әннен ән салды.

Қорытынды кезеңге шығушыларды “Геликон-опера” Мәскеу музыка театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Дмитрий Бертман, румынның опера әншісі Нелли Миричою, бельгиялық опера артисі, тенор Аксель Эйверарт, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, сопрано Марина Мещерякова іріктеді.

Оркестрдің сүйемелдеуімен Сүндет Байғожин Дж. Россинидің «Севильский цирюльник» операсындағы Фигаро каватинасын (Largo al factotum…) және Туликовтың Родина әнін орындады.

«Мен елімді қатты сағындым. Қазақ әндерін іздей бастадым, домбырадағы күйді, Ескендір Хасанғалиевты, оның Атамекенін тыңдағым келеді.Мен Торғай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауданында дүниеге келгенмін. Бұл – менің туған жерім.

Мен әрдайым Қазақстанды мәдениет болсын, басқа жағынан болсын абыроймен танытуға тырысамын. Өз еліме деген шексіз сүйіспеншілік пен махаббатты бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл өте биік нәрсе” деді сахна алдына шығар сөзінде Сүндет Байғабылов.

https://www.youtube.com/watch?v=do9Wxz1Vuj4

https://www.youtube.com/watch?v=JlQQaEUgI9A

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз