Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан 15 жылдық әйелдер боксы тарихындағы ең үздік әлем чемпионатын көрсетті – AIBA президенті

Жарыстың сегіз күнінде 10 әлем чемпионы қошеметке бөленді. Сарапқа әлем чемпионы атағымен қатар Рио ойындарына жолдамалар қойылды.

– Әйелдер арасындағы бокстың дамып келе жатқанына осы чемпионатта тағы көз жеткіздік. 15 жылдық тарихта қазақстандық бокс федерациясы үздік әлем чемпионатын өткізгені сөзсіз, –

деді AIBA президенті, доктор Чинг-Куо Ву әлем біріншілігінің жабылу салтанаты кезінде.

27 мамырда финалда 13 елдің өкілі бақ сынасты. 4 алтынға ие болған Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Одан кейінгі орындарға екі алтын олжалаған Қытай, 1 алтыннан еншілеген Франция, Ұлыбритания, Италия және АҚШ жайғасты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз