Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шыршасы өтті

245

«Облыстық арнаулы тіл-мүкістігі бар балалардың № 3 облыстық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде, дамуында кемшілігі бар облыстық интернат-үйінде, Қазыбаев атындағы балалар үйінде, «Шаңырақ» балалар ауылында және облыстық балалар сауықтыру орталығында қайырымдылық жасыл шырша шаралары өтті. Үлкен мерекелік шара 13 қаңтар күні Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында өз мәресіне жетті.

– Компания үшін көмекке мұқтаж балаларға қайырымдылық шараларын өткізу дәстүрге айналған. Денсаулықтарына және басқа да себептерге байланысты уақыттарының көбін үйде өткізетін балалардың мерекелік көңіл-күйді сезінулеріне жағдай жасау – ембілік мұнайшылардың үнемі назарында, – деп атап өтті мерекелік шарада бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков.

Жасыл шырша мерекесіне 1400 бала қатысты. Олар үшін ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары ұсынылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Мерекелік шара кезінде компанияның «Жас мамандар» кеңесінің мүшелері белсенділік танытты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз