Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Әттең…”. Отадан кейін көз жұмған сәбидің ісіне қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

Жекеменшік клиника мамандары бала жүректен кетті деп істі жылы жаба салмақ болған. Алайда, олармен келіспеген бүлдіршіннің анасы жанжал шығарып, іске комиссия араласқан еді. Сөйтсе, анасы бекер күдіктенбеген екен.

Мамандар анықтағандай,  Миронның шапындағы жараны кесіп алу үшін анестезиологиялық препаратты мөлшерден тыс және бір-бірімен үйлеспейтін дәрілермен қоса беріліпті. Ол аздай, операциядан кейін де емдеу мекемесінде дұрыс күтім жасалмаған. Салдарынан баланың ішкі органдарына зақым келген.

Оқиға «Достар Мед» деген Алматыдағы жекеменшік клиникада болған. Комиссия істі дереу полицияға тапсырды. Десе де, клиниканың жұмысы тоқтаған жоқ. Тек хирург, анестезиолог пен бөлім меңгерушісі жұмысынан уақытша шеттетілген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз