Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанадан пәтер аламын деушілерге „Зере„ мен „Арыстан„ тұрғын үй кешеніне жоламауға кеңес берілді

Құрылыс компанияларына қатысты қылмыстық іс қозғалған көппәтерлі тұрғын үй кешендері ішінде, мәселен Ақан Сері көшесі бойындағы «Зере», Рақымжан Қошқарбаев көшесі бойындағы «Зере 2», Юго-Восток шағын ауданындағы «Арыстан» және Тұран даңғылының батысына қарай орналасқан көпфункционалды тұрғын үй кешендері де бар.

Бұл нысандарды салушылар 2012 жылдан 2016 жыл аралығында пәтерлерді сатып, алайда келісімшартта көрсетілген құрылыс мерзімін бұзып, сатып алушылардың құқықтарына нұқсан келтірген.

Көрсетілген нысандар проблемалық болып табылғандықтан, күн сайын Астана қаласы әкімдігінің жанындағы мекемеаралық комиссиясының отырысында талқыланады.

„Осыған орай, азаматтарды жоғарыда көрсетілген тұрғын кешендерден уақытша пәтер сатып алмауды сұраймыз. Астана қаласы жылжымайтын мүлік агенттіктерінің басшылықтары мен делдалдарға қылмыстық іс бойынша түпкілікті процессуалды шешім қабылдауға дейін уақытша консалтингтік қызметтен бас тартуға кеңес береміз. Аталмыш қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде„ делінеді Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз