Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада „Азбука жилья„ құрылыс компаниясына қатысты алаяқтардың барлығы сотталды

10 сотталушы “Жеті-Жол”, “Гарант”, “Комсомольский”, “Садовые кварталы”, “Экспо Сити”, “Expo Town”, “Айсанам De Luxe”, “Комфорт De Luxe”, “Династия” тұрғын үй кешендері үлесшілерінің қаражатын қымқырғаны туралы іс бойынша сот алдына келді. Соттың анықтауынша, 2011-2015 жылдары Нұрсейітова, Оспанова, Омаров, Умаров Е., Умаров М., Мирошниченко, Молдахметов, Носуленко, Жұмаханов, Жәкішев және де басқа да тұлғалармен алдын ала келісіп, аса iрi мөлшерде бөтен мүлікті қымқырған.

Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-пункті бойынша (кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) айыпты деп танылды. Жәкішев пен Молдахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимді түзету колониясында өткізу үкімі шығарылды.

Жұмаханов пен Нұрсейітоваға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды. Мирошниченко 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Алайда сотталушының жас сәбиі болғандықтан, сот үкімінің орындалуы 5 жылға шегерілді. Оспанова, Носуленко, Омаров 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Умаров Е. 3 жылға жалпы режимді түзету колониясына қамалды. Умарова М. 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, материалдық жауапкершілік пен әкімшілік-басқару қызметін атқарумен байланысты қызметтерді иемдену құқығынан 5 жылға айырылды.

Негізгі айыпты – Тайжановқа қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске жіберілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз