Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Арзан пәтерлер әлеуметтік әлжуаз отбасыларға беріледі – министр

113

Бүгін Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев меншікке өтпейтін жалдамалы үйдің қалай берілетінін түсіндіріп берді деп хабарлайды zakon.kz.

Министр Үкімет отырысында Мемлекет басшысының баспана мәселесін түбегейлі шешу мақсатында 15 жылдың ішінде 1,5 миллион пәтерді сатып алу құқығы шектелген, тек жалға беру және Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы салуды тапсырғанын еске салды.

Оның айтуынша, алға қойылған міндеттерді орындау үшін баспана салу бойынша бірыңғай оператор ретінде “Бәйтерек” ұлттық холдингін, оның еншілес ұйымы – Қазақстан ипотекалық компаниясын, (сатып алу құқығы жоқ жалдамалы үй құрылысы үшін) және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін (кредитті баспананы сатып алуды қамтамасыз ету үшін) бекіту ұсынылып отыр.

– Сатып алу құқығы жоқ жалдамалы баспана халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына, жұмыс күшінің қозғалыс мобилдігін артыру үшін беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 10-ақпанда “Бәйтерек” ұлттық холдингі сатып алу құқығы бар жалдамалы үйдің құрылысын жүзеге асыра бастады. Осы мақсатта Ұлттық қордан 53 миллиард теңге 20 жыл ішінде қайтарылатын негізде бөлінді.

Осыған байланысты басталып қойған құрылыстың басты бағытын сатып алу құқығы жоқ жалдамалы баспанаға өзгерту ұсынылып отыр және оның өтеу мерзімінің ұзаққа созылатынын есепке ала отырып, бөлінген қаражаттың қайтарылу мерзімін 60 жылға дейін ұзарту ұсынылады. Егер Сіздер мақұлдасаңыздар, министрлік Ұлттық қорды басқару жөніндегі қордың хаттамасына өзгерістер енгізу бойынша қажетті жұмыс жүргізеді, – деді ол.

Оның айтуынша, өз кезегінде кредиттік тұрғын үйдің құрылысы баспанаға мұқтаж азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ тетіктерін пайдалануын ынталандыруға бағытталады. Бүгінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі салымшыға 50 пайызын жинағанда қарыз алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту арқылы қолдау көрсету жалғаса береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз