Полиция Армениядағы қару-жарақ саудасын бақылауда ұстап отыр, деп хабарлады сейсенбі күні республика полициясының баспасөз хатшысы Ашот Агаронян.
“Қарудың белгілі бір түрлерін сатуға тыйым салынды”, – деп хабарлады Агаронян РИА Новости агенттігіне.
Бұған дейін «Айкакан жаманак» газеті екі апта бұрын Ереванда полицияның күзет полкінің ғимаратын басып алған соң, Арменияда қару-жарақ саудасына сыйым салынды деп жазған еді.