Нұр-Сұлтан
Қазір
29
Ертең
22
USD
451
-6.10
EUR
525
-7.23
RUB
5.31
-0.01

Алматыдағы Райымбек даңғылындағы BRT жобасы неге тоқтап қалды?

Жоспар бойынша жаңа желі Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT бағытымен Желтоқсан көшесі арқылы жалғасуы керек болған. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 39,9 миллиард теңге бөлініп, жобаны жүзеге асыру үшін «Казахдорстрой» ЖШС мен «Прогресс KZ» ЖШС мердігер ретінде тартылған.

Алайда Желтоқсан көшесіндегі BRT құрылысы белгіленген мерзімде аяқталғанымен, Райымбек даңғылындағы жұмыстар тоқтап қалды.

Бұған дейін қала әкімдігі BRT жобасының бастапқы тұжырымдамасын қайта қарау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан. Сонымен қатар Емцов пен Өтеген батыр көшелерінің арасындағы салынып қойған арнайы жолақтың бұзылуы да мүмкін екені хабарланған еді. Осыған байланысты Kazinform тілшілері Алматы әкімдігіне жүгініп, жобаның қазіргі тағдырына қатысты нақты ақпарат сұратқан.

Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазір Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының 37%-ы орындалған. Дегенмен ведомствоның хабарлауынша, жобаны қазіргі нұсқасында әрі қарай жалғастыру көзделмейді.

Басқарма BRT құрылысының уақытша тоқтатылуын Almaty SkyTrain жобасымен байланыстырып отыр. Ведомствоның түсіндіруінше, SkyTrain жобасы монорельсті көлік жүйесін дамытуға бағытталған және осы жобаға байланысты Райымбек даңғылындағы BRT жұмыстарына уақытша үзіліс жасалған.

Қазірдің өзінде салынған BRT учаскелерінің кейін бұзылатыны немесе сақталатыны әзірге нақтыланбаған. Алайда басқарма SkyTrain жобасы іске қосылғаннан кейін оның BRT желілерімен біріктірілетінін атап өтті. Бұл өз кезегінде Алматыдағы қоғамдық көліктің бірыңғай мультимодальды жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ведомство Райымбек даңғылының қаланың шығысы мен батысын байланыстыратын негізгі магистральдардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан оның бойындағы қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту қала үшін өзекті бағыт болып қала бермек.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз