Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыдағы элиталы кешке еліміздегі “ығай мен сығайлар” не киіп келді?

432

Гүлжан Қарақұсованың күйеу баласы аталған шараға қара көк костюм киіп келіп, өзінің әдепкі айрықша стилінен айнымады.

Отандық шоу бизнесте актрисалығымен ғана емес, режиссерлік қырынан танылып жүрген Әсел Сәдуақасова болса, кеудесінде жырығы бар ұзын жылтыр көйлегін киіп келген.

Актер Санжар Мәдиев өзге ер-жігіттер сияқты қара костюм және қара галстукпен шектелді.

Айрықша көйлек киіп, басына бас киім киген әйелдердің де көйлегі ел назарына түсті.

Ал мына бойжеткен тіптен қыздың суреті бейнеленген дизайнерлік көйлек киіп, елден ерекшеленген.

Қара түсті дресс-коды бұзып, аппақ костюм киіп келгендер де табылды.

Жуырда ғана сотталып кеткен Мұратхан Тоқмәдидің күйеубаласы да шараға қатысып, төбе көрсетті.
Мақсат сұр костюм, көк түсті галстук тағып келген.

Салтанатты шараға келген қыздар бірінен бірі өткен сұлулығымен ерекшеленді.

Аталған шарада ұйымдастырушы тарапынан үздік атанып, сыйлыққа ие болған актер Нұртас Адамбаймен суретке түсуге ұмтылғандар саны аз болмады.

Ал актриса Аружан Жазылбекова ерлер стиліндегі қап-қара костюм киіп келді. Әдетте нәзік образда киінуді ұнатанын актриса бұл жолы стилін біршама өзгерткен.

Актриса Әсел Сағатова да құрбыларынан қалмай, сыйлық табыстау рәсіміне қонақ болды. Ол үсті ақ, асты қара ұзын көйлек киген.

Төсі ашық қара көйлек киген Ләйлә Сұлтанқызы да елдің назарын аударды.

Ол немерелері болса да, мінсіз мүсінімен ерекшеленетін Олжас Сүлейменовтің қызы Мәдинамен бірге елге сәлем жолдады

Жәния Джуринская болса бұл жолы жабық қара костюм киіп келген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз