— Қазіргі кезде ТЖ туралы шешімді жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аймақ әкімдері қабылдайды. Әзірше оның қажеттілігі жоқ деп есептеймін. Ауру жұқтырған адамдармен байланысқа түскендерді анықтап, олардың денсаулығының жағдайы туралы ақпара жинағаннан кейін, қажет болса тексеру жүргіземіз. Басқа да науқастарды анықтайтын болсақ, төтенше жағдайды енгізу туралы шешім қабылдауымыз мүмкін, – дейді министр. Бұл туралы
Sputnik. хабарлады.
Қазақстанның екі азаматында коронавирус анықталды
Бұған дейін Біртанов Қазақстандағы коронавирус жұқтырған екі азамат туралы хабарлаған болатын. Науқастардың екеуі де Алматыда, олардың жақында Германиядан келгені анықталды.