Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанның екі азаматында коронавирус анықталды

370
Елжан Біртанов, primeminister.kz сайтынан алынған сурет

“Өздеріңізге белгілі болғандай, біз үш ай бойы коронавируспен күресіп келеміз. Ел аумағына ауру таралмау үшін барлық алдын алу шараларын қабылдаған едік. Біз бүгін екі азаматымыздың ауру жұқтырғанын анықтадық. Олар Германиядан келген. Қазіргі кезде науқастарды Алматыдағы стационарға орналастырдық. Барлық қажетті шаралар қолдануда” – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялаған еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдын алу шараларының жүзеге асырылып жатқаны туралы хабарлаған болатын. Барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салды.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин елде коронавирустың пайда болуына байланысты ғалымдардың болжамын жариялады.

— Біздің болжамымыз бойынша, елде 11-16 наурыздың аралығында коронавирус пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана. Елде коронавирус пайда болса, біз арнайы ісшараларды қабылдаймыз, — деді Жандарбек Бекшин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз