Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Алматыда бір түнде пайда болған Сталиннің ескерткішін көрген жұрт таңқалды

113

Ескерткіш Гете көшесінің бойында, “Колоесс” Мәдениет үйінің маңына қойылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткіш түнгі уақытта қойылған. 5 желтоқсанда ескерткіш болмаған.

“Ескерткішті бүгін түнде қойды, кеше болмаған. Тастан жасалған немесе плита жабылған, қоршауы бар. Сипаттамасы жоқ, Сыртқы келбетінен оның Иосиф Виссарионович Сталин екенін көруге болады”, – деп жазды Вячеслав есімді жергілікті тұрғын.

Ер адам өткен-кеткен жұрттың ескерткішті суретке түсіріп, таңғалып жатқанын айтып отыр. Алматы қалалық Түрксіб аудандық әкімдігінің өкілдері ескерткіштің уақытша орнатылғанын және оның фильмнің декорациясы екенін хабарлады.

“Эвакуация” фильмі, “Қазақфильм” түсіріп жатыр, режиссері Фархад Шарипов. 1941 жылы Алма-Атаға эвакуацияланғандар жайлы. Ескерткіш пенопласттан жасалған, 7 желтоқсанда сағат 12.00-де алып тасталады”, – деді әкімдіктегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз