Алматы әуежайында орналасқан «Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды қомақты қаржысын шекарадан жарияламай өтуге тырысқан Қазақстан азаматын ұстады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
27 жастағы Қазақстан азаматының жасырып қалуға тырысқан қаржысының көлемі 10300 АҚШ доллары болып шықты.