Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
10
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Алматы облысында Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойы өтеді

Тәуелсіздік жолында шахит болған, Қазақ елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келген Зуқа батыр бабамыздың 150 жылдық мерейтойы да оннан астам мемлекетте Халықаралық деңгейде 30-дан астам іс-шарамен аталып өтуде.

Зуқа батырдың 150 жылдық Халықаралық Мерей тойы Қазақстанның Венадағы елшілігінде ресми түрде аталып өтті.

Қазақтың әйгілі қаһарманы Оспан батыр өзіне бала кезде ақыл кеңесін айтып, батасын берген аға-жолдас Зуқа батырды пірім деп атап өткен.

Ұлтының намысын қорғағаны үшін 44 жылын қытай түрмелерінде өткізген әлемге танымал жазушы Қажығұмар Шабданұлы Зуқа батырдың ұлттық мүдде үшін жүргізген күресіне сүйсініп, тұрмеде «Пана» романын жазды.

Батырдың әкесі Шығыс Қазақстанда аса танымал болған – Сәбит Дамолла. Арғы атасы да атақты Нұрмұхаммет абыз. Бала кезінен бастап өжеттілігімен, өткір ойларымен, әділеттілігімен көзге түскен Зуқа батыр жастай жетім қалса да, әкесінен алған, әсіресе діни саладағы білімімен ерте қоғамдық өмірге араласа бастайды.

Кейіннен жат жұрттық әкімшіліктің еліне, жұртына көрсеткен зорлық-зомбылығына төзе алмай, қалған өмірін ұлт азаттығы үшін жұмсайды. Сондай-ақ, ұлтына және дініне қарамастан мыңдаған жетім жесірге, кедей- кепшікке, әділетсіздікке ұшыраған қорғансыз жандарға пана болады. Пайғамбар жасына келген шағында діні үшін, елі үшін, отаны үшін үздіксіз күрескен Қазақтың Халық Қаһарманы, аяулы Алаш ардагері Зуқа батыр, отаршыл Қытай әкімшілігінің әдейі дайындалған жендеттерінің қолынан 1929 жылы желтоқсанда Алтайдың Көктоғайында басы алынып, шахит болады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз